Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кеші өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылып құттықтау сөз «Балбұлақ» оңалту орталығының басшысы Баттакова Жамиля Еркиновнаға берілді. Мерекелік кеш марапаттау рәсімімен жалғасып, озат деп танылған дәрігерлерге және қызметкерлерге алғыс хат берілді. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл»- төс белгісімен орталық басшысы Баттакова Жамиля Еркиновна және неврология бөлімінің меңгерушісі Варзина Татьяна Владимировна марапатталды.