ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы 2020 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өтті.
Мерекелік жиынды орталық басшысы Әлтаев Мұхтар Жақсыбайұлы құттықтау сөзімен ашты. Іс-шара барысында көпжылғы риясыз еңбегі мен кәсіби қызметі үшін медстатист Созинова Ольга Федоровна ҚР ДСМ «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, невролог-дәрігер Абай Гүлжан Абайқызы ҚР ДСМ Құрмет қағазымен, педагог-тәрбиеші Бижан Ұлжан, бухгалтер Манабаева Гүлзада Шегебайқызы Кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ Ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы әріптестігі үшін орталық директоры М. Әлтаев Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы қолбасшысының ІІ дәрежелі «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Іс-шара санитарлық қауіпсіздіқ талаптарын сақтай отырып өткізілді.