ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ ҚҮНІ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы 2020 жылғы 30 қарашада Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қүнін маңызды идеологиялық оқиға ретінде мерекелеу аясында салтанатты жиналыс ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты — Елбасының Тәуелсіздіктің негізгі сәулетшісі әрі Ұлт Көшбасшысы ретіндегі тарихи орнын кеңінен насихаттау.
Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын Мелекеттік гимнмен ашылды.
Мерекелік жиын барысында Президентіміздің мемлекет басқарған жылдардағы атқарған істерін, көшбасшы ретінде көсемдік қасиеттерін айқындайтын бейнематериалдар көрсетілді. Ұжым басшылығы мен мүшелері сөз сөйледі.
Іс-шара санитарлық қауіпсіздіқ талаптарын сақтай отырып өткізілді.