РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: ЖАҢА АҚПАРАТ ЖӘНЕ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ» АТТЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ БОЛЫП ӨТТІ

         2020 жылғы 08 қыркүйекте Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығының ұйымдастыруымен онлайн форматта «Мемлекеттік тіл: жаңа ақпарат және озық тәжірибе» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция болып өтті.

             Кездесудің модераторы болған «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығының жауапты тіл маманы Мұрасова Бақыт Сәрсебайқызы.

               Аталған іс-шараға денсаулық сақтау саласында жұмыс атқаратын тіл мамандары қатысты. Басқосудың негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №172 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын кезең-кезеңімен табысты жүзеге асыру, оның ішінде мемлекеттік тіл саясатының нысаналы индикаторларын денсаулық сақтау саласында іске асыру жолдарын бірлесіп саралау, жаңа ғылыми-әдістемелік ақпарат алмасу, үздік тәжірибемен бөлісу.

                Айта кетейік, 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламаның басты мақсаты — қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу.

            Конференцияға негізгі баяндамашылар ретінде қатысқан Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйі жанындағы «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығының директоры, қоғам қайраткері Имаханбет Райхан Сахыбекқызына, Қарағанды облыстық психоневрологиялық орталығының тіл маманы Әбілқасымова Меруерт Мұратқызына, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының тіл маманы Идришева Жанар Кеңесханқызына алғыс білдіреміз.

 

Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *