«Қош келдің, төрлет Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық ертеңгілік
24.12.2018ж. «Балбұлақ» РБОО –да «Дара» қайырымдылық қоры мен «Бизнес ивент» агенттігінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, төрлет Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді.
Айтулы мереке демеушілері «Билайн», «Форте банк» компаниялары балаларға қалаған сыйлықтарын сыйлады. Жаңа жылдық мерекеде Аяз ата мен Ақша қар балармен түрлі ойындар ойнап, би билеп, әр баланы зор қуанышқа бөледі.
Орталық директоры Альтаев М.Ж. балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, осы шараны ұйымдастыруға ат салысқан «Дара» қайырымдылық қоры мен демеушілерге зор алғысын білдірді
Аяз ата мен Ақша қар түрлі ойындар ойнап, ән айтып, би билеп, балалардың көңілін көтерді
Балалар тақпақ айтып, Аяз атадан тәттілер алды
Ералиев Заңғар көңілді әнімен ортада
Богданова Карина «Ана» өлеңін оқыды
Қыздарымыздың орындауында «Орыс» биі
Кәрім Еркем «Жаңа жыл» әнімен
Жаңа жылдық сыйлықтар балаларымыздың көңілінен шығып, мереке керемет өтті.
Келе жатқан 2019 Жаңа жыл құтты болсын!!!