Президенттің Қазақстан халқына жолдауы
Президенттің Қазақстан халқына жолдауы
5 қазан 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ — АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
Құрметті қазақстандықтар!
Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік.
Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік.
Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік.
Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді.
Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36 — шы орынға көтерілді.
Біз әрдайым сыртқы сын — қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік.
Соған байланысты, мен елімізді жаңғырту жөнінде қажетті бағдарламалық бастамалар жасадым.
Олардың жүзеге асырылуы табысты дамуымыздың негізгі факторына айналды.
Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
2014 жылы еліміздің инфрақұрылымын жаңартатын «Нұрлы жол» кешенді бағдарламасын іске асыруды бастадық.
Үш жыл бұрын «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жарияладық.
Содан кейін еліміздің Үшінші жаңғыруына кірістік.
Оның басты міндеті – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру.
Қазақстан президентінің халыққа жолдауы 05 қазан 2018ж
Нұр отан партиясының төрағасы РБОО «Балбұлақ» Кайруллаев К.К.