Психологиялық марафон

       18.10.2019ж.   «Балбұлақ » Республикалық балаларды оңалту орталығында балалардың танымдық үрдістерге қызығушылықтары мен зейінін арттыру,  тапқырлыққа  тәрбиелеу мақсатында  психологиялық марафон өткізілді.

Марафонды ұйымдастырушылар орталықтың психолог мамандары:

Олжабай А.С. мен Дәулетқан Б.А.

Балалар және ата-аналар «Жасыл шарлар» мен  «Сары шарлар» тобы болып екі топқа бөлінді. Марафон бірнеше кезеңнен құралды

1 кезеңде тапсырмалары «Қабылдауға арналған» тапсырмалар берілді.  Әрбір  белсене қатысып, дұрыс жауап берген топқа «жетон» берілді

2 кезеңнің тапсырмасы бойынша балалар анаграммаларды  шешті

3-ші кезеңде «Қиял процесін»  дамытуға арналған тапсырманы  орталық  бүлдіршіндері қызығушылықпен орындап шықты

4-ші кезеңде «Есте сақтау процесін»  дамытуға арналған тапсырмада балалар белсене қатысты

5-ші кезеңде «Қол моторикасын»  дамытуға арналған  тапсырмаларда екі топтың  ата-аналары  мен балалары жарыса ат салысты

Балалар саусақ бояуларын қолдану арқылы алақандарымен керемет  сурет салып, мағынасын ашып берді

Орталығымыздың емделушілері: Сейлібек Нұрғалым, Батырбаева Аружан, Сағындық Нұрай

«Әке — Ана» әнімен  марафонды  аяқтады

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *