[No Title]
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Отан соғысы ардагерлеріне арналған АҚ “Балбұлақ балаларды оңалту орталығы” дәрігерлері мен қызметкерлері жолдауды назар салып, оның қоғамдық-саяси мән-маңызын зерделеді.
Атап айтқанда,Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден бір жолы – көрпеге қарай көсілу. Сондықтан бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керек.
Бюджетаралық қарым-қатынасты да ретке келтіру қажет. Шағын және орта бизнестен түсетін салықты аймақтардың өзінде қалдыру дұрыс әрі уақтылы қабылданған шешім болды. Бұл қадам кәсіпкерліктің дамуына едәуір серпін берді. Сонымен қатар әкімдердің дербестігін арттырды. Алайда кейбір әкімдер қосымша кіріс көзіне ие болған соң, оны елге пайдасыз іске шашып, тиімсіз жұмсайтын болды. Аса маңызды емес міндеттер мен жобаларға қаржы бөле бастады. Үкімет бюджет тапшылығының орнын толтыратын қаржы көзін табу үшін тиімді компенсациялық тәсілдер ойластыруы қажет» екендігін баса айтты.
Мемлекет басшының жолдауында талдап-талқыланған аталмыш мәселелер елдік дамудың негізі, жаһандық ілгерлеудің, ұлттық экономикалық саясаттың тұжырымдамасы.
Жинақтай айтқанда, ҚР Президентінің жолдауы еліміздің денсаулық сақтау саласын дамыту, қаржы айналымын жүйелеудің негізгі бағдарына айналуы тиіс. Оңалту орталығының дәрігерлері де ел басшысының жолдауын жіті зерделеп, келешектегі қызметіне тұсбағар етуді негіз етеді.