«Айналайын Сара апа, туған күніңмен!» атты құттықтау концерті
2019ж. 12 ақпан күні «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында «мейірімді, үлкен жүректі анамыз» – Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған «Айналайын Сара апа, туған күніңмен!» атты құттықтау концерті өткізілді.
Жүйке жүйесінде бұзылысы бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығы Денсаулық сақтау министрлігі мен еліміздің Бірінші ханшайымы Сара Алпысқызының қолдауымен 1995 жылы сәуір айында ашылған.
Осы күнгі балалардың орындауындағы ән, би, өлең жолдары Сара Алпысқызына арналды.
Концерт соңында орталықтың педагогикалық бөлімінің меңгерушісі А.Жүнісова Сара Алпысқызын туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, бақыт тілеп, балалардың өнеріне алғыс білдірді. Мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті.
Бүлдіршін қыздарымыз Жақсылық Каусар мен Нағашыбай Мерей Сара Алпысқызының туған күніне арнаған тақпақтары.
Ән «Жаяу»
Орындаған Сатыпалды Диас.
Балардың орындауындағы «Флешмоб» биі көрермендердің көңілін көтерді.
Мереке соңындағы «Балбұлақ» орталығының педагогикалық бөлімінің меңгерушісі А.Жүнісова Сара Алпысқызын құттықтауы.