«Көңілді витаминдер» атты ашық сабақ

                    18.05.2018 жылы «Балбұлақ» оңалту орталығында дефектолог және  Монтессори терапия мамандарының  ұйымдастыруымен «Көңілді  витаминдер» атты ашық сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты: балалардың  витаминдер  туралы  түсінігін  қалыптастырып, витаминдердің  пайдасы  туралы  ақпарат  беру. Ашық сабақты орталық қызметкерлері мен барлық ата-аналар тамашалады.

Толығырақ

«Чинтамани» қуыршақ театры

                    17.05.2018ж.  «Балбұлақ»  оңалту орталығына көңілді қуыршақ театры «Чинтамани» ( Лебедь Т.,Мулдабекова Р., Антипов Р., Мирошников Д.)  «Гопала» қойылымымен қонаққа келіп, балаларға көтеріңкі көңіл- күй сыйлады. Қойылым соңында театр әртістері балалармен ойын ойнап, алма үлестірді.

«Гопала» қойылымы

Балалар көріністі тамашалауда

Балалармен «Жаңбыр» ойыны

Ойынға белсене қатысқан балаларға алма таратылды

Балалар  қуыршақ театр кейіпкерлерімен ойнады

Қуыршақ театры мен балалардың естелік суреті