Алғыс білдіру.

Қымбатты «Балбұлақ» Оңалту орталығының ұжымы! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақыт, жүздеріңізге шаттық тілеймін!!!
Мен Жұмабаева Пакизат осы жерге емделуге жетінші рет келуім. Әуелі Алла тағаланың арқасы, сосын емдеуші Татьяна Владимировнаның ақыл кеңесінің, жақсы емінің нәтижесінде біз біраз жақсарып ем алдық.Ол кісіні мен мақтамасамда, осы жерге келген ата-аналар жақсы білікті маман ретінде біледі. Татьяна Владимировна өте білімді, ақылды, мәдениетті дәрігер-невропатолг. Осы кісінің қарамағында істейтін ақ халатты абзал жандарға шексіз рахмет айтамын. Әсіресе психолог Эльмира, логопед –Жанна Мукашевнаға, логопед – Гулнар Арыстанбековнаға, ЛФК – Қуандық, Айжан, сумен емдеу бөліміндегі Ляззат Айнамкуловнаға, физио емдеу бөліміндегі Гулзираға, Айша апайларға рахмет. Трудотерапевт –Айгерим ата-аналармен, балалармен оңай тіл табыса алатын біліктіде, білімді маман иесі.
«Балбұлақ» басшысы Мұхтар Жақсыбайұлына: еңбегіңіз асқақтап, биік тұғырдан көрініп, абыройлы болыныз. Ұжымыңыз өте ауызбіршілікті, педагогтармен мейірбикелерініздің барлығы білімді, ұйымшыл –ұжым!
Жарылқа Алла-қабыл ет,
Жарылқаудың қамын-ет,
Ізет-абырой, бақдәулет,
Қыдыр қонып-бақ қарап,
Не тілесен тілегінді
Алла тағалам қабыл ет!
02.08.2017ж